26
January
2023
Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті.
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырымдылыққа баулу. Мектебіміздің директоры Увалиева Мақпал Маратовнаға сөз берілді. Ол өз сөзінде, Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жоMarchтық, кең пейілдік екенін айтып өтті. ЖоMarch болу -өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу, оған көмектесу ең жақсы қасиеттердің бірі екенін айтып сөзін аяқтады. Содан кейін мектебіміздің психологы Садырова Жамиля Какимовна сөз алып, оқушыларға қамқорлық жасау өте маңызды екенін айтып, өтті. Жәрмеңкеге жиналған оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастырып, олармен ситуациялық сұрақтар қою арқылы саналарына қамқорлық, кішіпейілділік, мейірімділік ұғымдарын толығымен жеткізді. Жәрмеңкеге мектебіміздің барлық сыныптары қатыстырылды, олар өздерінің үйлерінен дайындап әкелген түрлі тамақ өнімдерін, қолдан дайындаған сусындарын сатты. Жәрмеңкенің жақсы өтуіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар атсалысты, жәрмеңке жақсы көңіл-күйде өтті. Жиналған қаражатқа Талдықорған қаласында орналасқан облыстық "Айналайын" балалар үйіне барып сыйлықтар берілді. #ЖетісуОблысыӨзінӨзіБасқару #РУМЦДО #ШкольноеСамоуправлениеЖетісу @sherraisa @rumcdo_official @zhetysu_bilim_baskarmasy @obl_zhetysu_centr @karatal_bilim