Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті. » М. Ғабдуллин атындағы негізгі мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орталау мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 3-48-00
Есепші бөлімі:
+7(747) 500-44-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті.
26
январь
2023

Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті.

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде мектепішілік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырымдылыққа баулу. Мектебіміздің директоры Увалиева Мақпал Маратовнаға сөз берілді. Ол өз сөзінде, Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кең пейілдік екенін айтып өтті. Жомарт болу -өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу, оған көмектесу ең жақсы қасиеттердің бірі екенін айтып сөзін аяқтады. Содан кейін мектебіміздің психологы Садырова Жамиля Какимовна сөз алып, оқушыларға қамқорлық жасау өте маңызды екенін айтып, өтті. Жәрмеңкеге жиналған оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастырып, олармен ситуациялық сұрақтар қою арқылы саналарына қамқорлық, кішіпейілділік, мейірімділік ұғымдарын толығымен жеткізді. Жәрмеңкеге мектебіміздің барлық сыныптары қатыстырылды, олар өздерінің үйлерінен дайындап әкелген түрлі тамақ өнімдерін, қолдан дайындаған сусындарын сатты. Жәрмеңкенің жақсы өтуіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар атсалысты, жәрмеңке жақсы көңіл-күйде өтті. Жиналған қаражатқа Талдықорған қаласында орналасқан облыстық "Айналайын" балалар үйіне барып сыйлықтар берілді.  #ЖетісуОблысыӨзінӨзіБасқару #РУМЦДО #ШкольноеСамоуправлениеЖетісу @sherraisa @rumcdo_official @zhetysu_bilim_baskarmasy @obl_zhetysu_centr @karatal_bilim
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив