Білім беру ұйымдарына және оның аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі » М. Ғабдуллин атындағы негізгі мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орталау мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 3-48-00
Есепші бөлімі:
+7(747) 500-44-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымдарына және оның аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі
30
январь
2023

Білім беру ұйымдарына және оның аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі

Білім беру ұйымдарына және оның аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 235 бұйрығына қосымша
      Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі
      1. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар*:
      1) атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері**:
      атыс қаруына тән жеке құрылымдық элементтері мен тетіктері немесе сыртқы белгілері бар, бірақ нысананы зақымдауға арналмаған заттар (құрылыс құралдары, сигналдық құрылғылар, линеметтер);
      зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
      зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген заттар;
      қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері, снарядтар, жебелер;
      жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар.
      2) шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:
      барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;
      білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттарында пайдалану жағдайларын қоспағанда, шегелерді қағу және болттарды бекіту үшін өнеркәсіптік құрылғылар, шанышқылы немесе кескіш заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік құралдар;
      медициналық шприцтер ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).
      3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:
      жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
      фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
      сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
      құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
      психикаға белсенді әсер ететін заттар;
      темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
      2. Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдаланалуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі*:
      1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));
      2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік - -консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).
      Ескертпе:
      * білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін;
      ** әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, ғимараттарды күзету, хат-хабарлар мен арнайы жөнелтімдерді жеткізу, тиісті рұқсаты болған кезде күзетілетін адамдарды алып жүру кезінде;
      *** ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қоспағанда.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив